USD 386.80
EUR 429.27
RUB 5.78
Погода в Жансугуров °C

Халық банкінің аудандық филиалы

Халық банкінің аудандық филиалы

Ертеректе аудан орталығындағы жұмыс істеген орталық сақтық жинақ кассасында небары 4 адам жұмыс істеген. Ауылдарда агенттік бөлімшелері болды. 1982 жылы орталық жинақ кассасының жаңа ғимараты салынып, қызмет түрлері көбейді. Оның меңгерушісі Ғ.М.Әбілов болса, В.Орлова, Т.Райс, Х.Маламатова, Г.Саламатина, Ж.Жабықбаева, Б.Құсбекова, Н.Бакланова, Л.Уайсова, С.Төреханова сынды мамандар еңбек етті. 1990 жылы меңгерушісі Ғ.Қашағанов, тексеруші Е.Тұрсынбеков, бақылаушы Қ.Нұрғазина, инспектор З.Әубәкірова болды.

1992 жылдан мекеме банкілік қызметтер атқарып, оны Қ.Шоқпаров басқарды. Бас есепші Ж.Жабықбаева, тексеру бөлімінің бас маманы Ж.Ахметов, есепшілер Ш.Жақсыбекова, Л.Аташева, бақылаушы- кассирлер Гұлнәр Рахимова, Назгүл Жаңабатырова, Асқар Тәңірбергенов , Ұлан Серпербаев болды.

1997-2002 ж. филиалға Төлеухан Қасымбекова, 2002 жылдан Марат Әлимолдин жетекшілік етті.

Бүгіндері банкінің халыққа көрсетер қызмет түрлері көбейген. Ауданда 55 мекемеге, оның ішінде 12- сіне банкоматтық қызмет көрсетеді. 2006 жылдан кепілдіксіз және кепілдік арқылы несиелер береді. Салық, коммуналдық қызметтер төлемдері қабылданады.

Мекемеде бөлім бастығы Б.Алшынбаева, бақылаушы- кассирлер М.Есмұрат, З.Рысқұлова, Л.Аташева, несие бөлімінде Д.Оспанбекова жұмыс істейді.

Халық банкінің аудандық филиалын Басқанбай Саяқұлы Смағұлов басқарады. Ол бұрын аудандық экономика және салық комитеттерін басқарған.

Азаматтарға арналған үкімет «Мектепке жол» акциясын өткізді

Жаңа оқу жылы қарасаңында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы аз қамтылған отбасыларынан шыққан балаларды қолдау мақсатында республикалық «Мектепке жол» акциясын өткізді.

 

15 Тамыз 2019
Құрметті сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар!

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттер аумағынан Қазақстан Республикасы аумағына тауарларды импорттау кезінде, тауарлардың жалпы құнының 12% мөлшерінде қосылған құн салығы  105115 төлем кодына (ЕАЭО аумағынан импортталған тауарларға қосылған құн салығы) төленеді.

08 Тамыз 2019
Сайт картасы Кері байланыс