USD 378.38
EUR 431.05
RUB 6.02
Погода в Жансугуров °C

Автобекет

Автобекет

1964 жылы жолаушыларды тасымалдауды жақсарту мақсатында ашылған аудандық автобекет Жансүгіров поселкесіндегі Жидебаев көшесінің(бұрынғыАқсу көшесі) бойында орналасқан. Оның бастығы болып Хасенова Ғалия тағайындалды. Автобекеттен Жансүгіров, Матай бағыттары бойынша ашық жүк көлігі жүрді. Кейінгі жылдары автобекетті Хасен Аязбеков, Нүркен Алин, М.Тоқпанов, Қизат Жұмабаев басқарды. Осы жылдары Сарқан жолаушы тасымалдау басқармасынын ПАЗ автобустары алынып, аудандағы елді мекендерге, Сарқан, Алматы, Талдықорған бағыттары ашылды.

1980-ші жылдары автобекет бастығы Ақанғали Мұхатаев болды. 1983-ші жылы жаңа автобекет ғимараты пайдалануға берілді. 1983- 98 жылдары мекемеге Бақытжан Дүйсенбекова басшылық етіп, осы жерден зейнеткерлікке шықты. Осы жылдары Ақсу –Алматы, Жансүгір – Алматы, Жансүгір- Талдықорған бағыттары ашылып, аудан тұрғындарының облыс орталығына тікелей қатынасуына мүмкіндік туды.

1998-2006ж, автобекетке Чукенова Күлғайша Зейілқызы басшылық етіп, сол уақыттағы қиншылыққа байланысты автобекет қызметкерлері ғимаратты сақтап қалу үшін үлкен еңбек етті. Көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары қолға алынып, автобекет маңайына гүлдер, шырша ағаштары отырғызылды. Күлғайша Зейілқызының есімі Ақсу ауданының «Құрмет кітабына» енгізілген.

Қазіргі кезде автобекетте 13 қызметкер жұмыс істейді. 2006 жылдан бергі басшысы- Қарлығаш Жүнісбекова.

Қазақстанда зейнетке шығу: зейнеткерлік жас және зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер

Белгілі бір жастағы еліміздің барлық азаматтарын мемлекеттің зейнетақымен қамтамасыз етуі туралы сұрақтар қызықтырады: зейнетақы дегеніміз не, зейнеткерлік жас?

20 Маусым 2019
«Жетісу» телеарнасына 20 жыл

Бүгін Талдықорғанда журналистердің кәсіби мерекесінің құрметіне және Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының 20 жылдық мерейтойына орай салтанатты шара өтті.

18 Маусым 2019
Қазақстанда 70 мыңнан астам сәби проактив әдісімен тіркелді

Бұл туралы фейсбуктегі ресми парақшасында ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов мәлім етті. 

17 Маусым 2019
Сайт картасы Кері байланыс