USD 380.56
EUR 430.15
RUB 6.02
Погода в Жансугуров °C

Мектепке жол

1 тамыз бен 30 қыркүйекте өткізілетін
"Мектепке жол" акциясын ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мемлекет басшысының мектеп оқушыларының сабаққа қатысуын толық қамтамасыз ету туралы тапсырмасын орындау бойынша «Мектепке жол» республикалық акциясын (бұдан әрі - акция) үшінші жылы өткізуде. Акция еліміздің барлық өңірлерінде 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында өтеді.
Акцияныңмақсаты - жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету және баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу.
Акцияның негізгі мақсаты - мектепке балаларды жинау балалардың оқумен қамтылмауын анықтау, балалардың мектепке себепсіз келмеуінің алдын алу, аз қамтылған отбасыларға және балаларға қамқоршыларды бекіту болып табылады. Бұл ретте акцияның негізгі міндеттерінің бірі - барлық балаларды міндетті орта білім алу құқықтарымен қамтамасыз ету бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін бұқаралық ақпарат құралдарын кеңінен тарту.
Акцияның PR-компаниясын ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпараттар және мұрағаттар Комитетімен бірлесіп ұсынымдамалар, логотип жобалары, плакаттар және акция парақшалары дайындалды. Жариялауға берілген материалдардың электронды нұсқасы www.bala-kkk.kz сайтының «Мектепке жол» айдарына енгізілді.
Сонымен қатар, Білім және ғылым министрлігінің департаменттері мен комитеттерінің қызметкерлері аз қамтылған отбасылардың балаларына киім-кешектер мен мектепке қажетті құралдар сатып алуға көмек көрсету үшін іс-шараға қатысуды жоспарлауда.

Қазақстанда зейнетке шығу: зейнеткерлік жас және зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер

Белгілі бір жастағы еліміздің барлық азаматтарын мемлекеттің зейнетақымен қамтамасыз етуі туралы сұрақтар қызықтырады: зейнетақы дегеніміз не, зейнеткерлік жас?

20 Маусым 2019
«Жетісу» телеарнасына 20 жыл

Бүгін Талдықорғанда журналистердің кәсіби мерекесінің құрметіне және Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының 20 жылдық мерейтойына орай салтанатты шара өтті.

18 Маусым 2019
Қазақстанда 70 мыңнан астам сәби проактив әдісімен тіркелді

Бұл туралы фейсбуктегі ресми парақшасында ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов мәлім етті. 

17 Маусым 2019
Сайт картасы Кері байланыс