USD 386.82
EUR 428.67
RUB 5.86
Погода в Жансугуров °C

Ақсу аудандық кітапханасы

Жалпы ақпарат

Аудан құрылған жылдардан бастап жұмыс істеген «Қызыл отау» мәдени-ағарту бөлімі 1953ж. Мәдениет бөлімі болып жеке шыққан. Сол кезде 22 кітапхана халыққа қызмет көрсеткен. 80-жылдары кітапханаларды орталықтандыру жүйесі қолға алынды. Ақсу аудандық кітапхана жүйесінде сол кезде 500 мың кітап қорымен 36 филиал, 2 балалар кітапханасы аудан тұрғындарына қызмет көрсетті.

1999 ж. Оңтайландыруға байланысты көптеген кітапханалар кітап қорымен мектеп кітапханаларына қосылды. Ақсу аудандық кітапханасы жеке мекеме болып бекітіліп, қарамағында 11 кітапхана қалды. Соған қарамастан облыстық кітапханалар арасындағы байқауларда бірнеше рет жүлделі орындарды жеңіп алды .
2012 жылдан кітапхана директоры қызметін Абдикерова Гуля Жалимханқызы атқарып келеді. Алматы қыздар педегогикалық университетін бітірген. Кітапхана саласында 18 жыл еңбек өтілі бар. 2009 жылы «Нұр Отан» ХДП он жылдығына орай партияның ХІІ съезінң шешімдерін және партияның Халықтық Тұғырнамасын орындауда еселі үлес қосып, ауданның қоғамдық –саяси өміріне белсене қатысқаны үшін Құрмет грамотасымен марапатталды.
2011 ж. ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай кітапхана ісіне қосқан еселі еңбегі мен қоғамдық өміріндегі белсенділігі үшін С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының директорының Алғыс хаты берілді.
2011 жылы Аудан әкімінің ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына Мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын арттыруға қосқан үлесі үшін Алғыс хтпен марапатталды. 2012жылдың қазан А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханасында «Кітапханалардың технологиялық инновациялары- ақпараттық қоғамға» атты республикалық форумға қатысты. 2014 жылдың маусым айында Қарағанды қаласында Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Қарағанды облыстары арасында тиімді тәжірибе алмасу мен оны кеңінен тарату шаралары аясында «Сандық замандағы кітапхана. Электрондық қызметтер мен сервистер» атты VI жазғы Интернет-Университетіне қатысып, сертификат алды.
Қазіргі таңда Ақсу аудандық кітапханасында 2014 жылы 22 кітапхана, 1 орталық кітапхана, 1 аудандық балалар кітапханасы 20 ауылдық кітапханалары аудан тұрғындарына қызмет көрсетуде. Аудандық кітапханада 40 адам қызмет жасайды. Оның 36 - сы кітапханашы мамандар.

Азаматтарға арналған үкімет «Мектепке жол» акциясын өткізді

Жаңа оқу жылы қарасаңында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы аз қамтылған отбасыларынан шыққан балаларды қолдау мақсатында республикалық «Мектепке жол» акциясын өткізді.

 

15 Тамыз 2019
Құрметті сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар!

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттер аумағынан Қазақстан Республикасы аумағына тауарларды импорттау кезінде, тауарлардың жалпы құнының 12% мөлшерінде қосылған құн салығы  105115 төлем кодына (ЕАЭО аумағынан импортталған тауарларға қосылған құн салығы) төленеді.

08 Тамыз 2019
Сайт картасы Кері байланыс