USD 386.05
EUR 428.25
RUB 5.84
Погода в Жансугуров °C

Аудандық Ақсу өңірі газеті

Аудандық «Ақсу өңірі» газеті

1934 жылы Ақсу МТС-ның саяси бөлімі жанынан «Ленин жолы» және «Путь Ленина» деген атпен екі газет шығарыла бастады. Кейіннен осы газеттің орысшасы «Путь Ленина» Сарқан ауданына берілді де, қазақшасы «Ленин жолы» Ақсу ауылына көшіріліп, Ақсу аудандық партия комитеті мен еңбекшілер депутаттары аудандық Кеңесінің органына айналды.

«Ленин жолы» газетінің Ақсу МТС-і саяси бөлімінің жанынан шығып тұрған кездегі редакторы Әлібек Жақаев, ал аудандық газет болғаннан кейінгі тұңғыш редакторы Жұмабай Саманов болды. «Ленин жолы» газеті сол отызыншы жылдары Ақсу өңірінде ұйымдасқан ұжымшарлар мен кеңшарлар, басқа да кәсіпорындардың алдында тұрған саяси- шаруашылық міндеттерін шешу ісінде үлкен рөл атқарды. Кемшіліктерді дер кезінде көрсетіп, оны жоюға аудан партия ұйымдарының көмекшісі бола білді. Сол кездегі газет көтерген негізгі мәселелер – сауатсыздықты жою, әйелдер құқығы, социалистік ауылшаруашылығын өркендету, т.б. маңызды тақырыптар. Газет 1941 жылдың басына дейін латын әріптерімен шығарылып, одан кейін кириллицаға көшірілді.

Ұлы Отан соғысының сұрапыл жылдарында аудандық газет тылдағы еңбеккерлердің қажырлы қайраттарын ұштау, аудан еңбеккерлерін Қызыл Армияға керекті азық – түлік, өнеркәсіп шикізаттарын өндіріп беру, сол арқылы басқыншы жауды күйрету кезеңін жақындата түсуге жұмылдыратын құжаттар жариялады. Газет редакторы Дубек Кемпіреков болды. Соғыстан кейінгі жылдары аудандық газетке Е.Әбдірахманов, Б.Баймолдинов, Т.Рысқалиев, Е.Жақсылықов басшылық етті. Ол жылдары газет халық шаруашылығын қалпына келтіру және өркендетуге өз үлестерін қосты.

1962 жылы аудандық газеттер қысқартылып, олардың орнына аумақтық газеттердің шығуына байланысты Ақсу аудандық «Ленин жолы» газетінің соңғы нөмірі 22 сәуірде шықты да, содан кейін Сарқан ауданына көшірілді. 1963 жылы әр ауданда аудандық газеттер қайтадан шығатын болып, «Ленин жолы » газеті барлық техникалық жабдықтарымен Ақсу ауылына көшірілді. Бұл жолы оның аты «Өмір нұры» болып өзгертілді. Газет редакторлары Т.Есімжанов, Т.Қалилаханов, Ж.Майтжанов, М.Қоңырбаева, Б.Аманбаев, С.Тінтаев, О.Жұмашев болды.

Газетте бөлім меңгерушілері Ахмет Тегінбаев, Болат Бисұлтанов, Нұрғали Омарқұлов, Жамау Бұқарбай, Мұхаметәлі Қазбанбетов, Берлібек Аманбаев, Хасен Көптілеуов, Тілеухан Есеболатов және фототілші Жеңіс Құрманғалиев ұзақ жылдар еңбек етті.

Еліміз егемендік алғаннан кейін нарық қыспағы жылдарында да үзіліссіз шығып тұрған аудандық газеттің атын заман талабына, өз өңірімізге сәйкес өзгерту туралы оқырмандар пікірі туындай бастады. Соған орай аудандық ақсақалдар алқасы, «Қазақ тілі» қоғамы, газет қызметкерлерінің ұйғарымымен 1998 жылғы 19 наурызынан аудандық газет «Ақсу өңірі» аталды.

Соңғы жылдары газет таралымы үш жарым мыңға жетті Газетте Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Тлеухан Есеболатов редактордың орынбасары, жауапты хатшысы болса, Жанар Немеребаева, Гүлжаһан Ахметова, Ербол Сымханов, Талғат Рахымбаев бөлімдердің жауапты қызметкерлері.

Газет аптасына 1 рет негізінен «Қазақстан-2030» стратегиясын, Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауын, Үкімет бағдарламаларын басшылыққа алып, аудан өмірін 20- дан астам айдармен жазып келеді. Жас талапкерлерді шыңдау мақсатында «Жас қанат», соғыс, еңбек ардагерлері үшін «Ардагер», «Адам.Қоғам. Заң», басқа да арнаулы беттер тұрақты шығарылады. Сол сияқты редакция жанынан «Аққұс» шығармашылық ұйымы құрылып, жыр мүшәйраларын өткізуде. Дүлдүл ақын Ілияс Жансүгіров пен тұйғын ақын Қуат Терібаевтың құрметіне оқушылар арасында ақындар айтысы ұйымдастырылып, олар газет бетінде тұрақты жариялануда. Мұның сыртында шежірелер, нарық кезеңінде жақсы жетістіктерге жеткен жеке шаруа қожалықтары, шаруашылықтары, ұжымдар, кәсіпкерлер жайлы очерк, суреттемелер, мақалалар, әр саладағы кемшіліктер жайлы сындар жазылып тұрады.

Газеттің қазіргі редакторы Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерекелік медалінің иегері, аудандық Мәслихат депутаты Дүйсен Мұхаметшарұлы.

Жеке тұлғаларға салықтық рақымшылық

Ақсу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер Басқармасы жеке тұлғалар үшін салықтық рақымшылық жүргізуге байланысты келесіні хабарлайды. 

21 Тамыз 2019
Азаматтарға арналған үкімет «Мектепке жол» акциясын өткізді

Жаңа оқу жылы қарасаңында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы аз қамтылған отбасыларынан шыққан балаларды қолдау мақсатында республикалық «Мектепке жол» акциясын өткізді.

 

15 Тамыз 2019
Құрметті сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар!

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттер аумағынан Қазақстан Республикасы аумағына тауарларды импорттау кезінде, тауарлардың жалпы құнының 12% мөлшерінде қосылған құн салығы  105115 төлем кодына (ЕАЭО аумағынан импортталған тауарларға қосылған құн салығы) төленеді.

08 Тамыз 2019
Сайт картасы Кері байланыс