USD 413.12
EUR 452.86
RUB 5.82
Погода в Жансугуров °C

Ақсу аудандық қазынашылық бөлімі

Ақсу аудандық қазынашылық бөлімі

1992 жылы нарық қатынастары енуіне байланысты кеңестік дәуірдегі мемлекеттік Банк жүйесіне реформа жасалып, төмендегі деңгейде- коммерциялық банкілер, жоғары деңгейде Ұлттық Банк жүйесі құрылды. Ауданда Ұлттық Банктің кассалық – есеп айырысу орталығы ашылып, бюджет мекемелеріне қызмет көрсете бастады. Оның алғашқы бастығы Серпербаев Серікбек болды. Орталық кейінде Қазақстан Республикасы Бюджет Банкісінің аудандық бөлімшесі болып қайта құрылды. Мекеме алғашқы жылдан бастап жаңа жұмыс құралдарымен және компьютерлермен жабдықталды, материалдық – техникалық бағасы нығайды. Ауласына жер асты су әкелініп, жеміс ағаштары отырғызылды. Осы жылдары мекемеде Гүлбарам Әлиева, Сарыбай Шарахметов, Ардақ Көпесбаева, Самиға Таңатарова, Гүлстан Мамырбекова, Күлсахан Асылбекова, Үміт Әлимолдина сияқты маман қызметкерлер абыройлы еңбек етті.

1997 жылдың аяғында елімізде Бюджет Банкі жүйесінің жұмысы тоқтатылып, оның орнына қазынашылық жүйесі енгізілді. Қазақстан Республикасы Қаржы Министірлігінің 1998 жылғы қаңтар айындағы бұйрығымен Алматы облысы бойынша Қазынашылық Департаментінің Ақсу аудандық қазынашылық бөлімі ашылып, содан бері ауданға қызмет көрсетіп келеді.

Бөлім ауданның 74 бюджеттік мекемелеріне қызмет атқарады.

Ақсу аудандық қазынашылық мекемесін ашылғаннан бері Ахметов Жеңісбек Хасенұлы басқарды. Ол аудандық, облыстық қазынашылық Департаментінің, Қазақстан Республикасы Қаржы Министірінің Құрмет грамоталарымен марапатталған. Қазіргі кезде мекеменің басшысы Мұсанов Мұхтар. Осы мекемеде қызмет істеп келе жатқан білгір мамандар Абдулина Гүлжихан Ғарифоллақызы- бастықтың орынбасары, Амирсанин Уалихан тыныштықбекұлы, Таңатарова Самиға Болатбеқызы, Рысқұлова Айгүл Хасенқызы – сектор меңгерушілері, Мажбиева Дина Арынқызы – бас маман.

Дайын құжаттарды беру терезесі Алматы облысының әр қаласында тек бір ХҚО-да жұмыс істейді

Дайын құжаттарды беру терезесі Алматы облысының әр қаласында  тек бір ХҚО-да жұмыс істейді

31 Наурыз 2020
Хабарландыру!

ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ!

19 Наурыз 2020
Сайт картасы Кері байланыс