USD 384.87
EUR 432.52
RUB 6.11
Погода в Жансугуров °C

Бесінші сайланған Ақсу аудандық мәслихатының сессиясында қаралған мәселелер 2015 жыл

Бесінші сайланған Ақсу аудандық Мәслихатының
сессиясында қаралған негізгі мәселелер
2015 жыл



1. 2015 жылдың 6 ақпанында Ақсу аудандық мәслихатының кезектен тыс отыз сегізінші сессиясы өтті. Сессияда «Ақсу аудандық мәслихатының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы «Ақсу ауданының 2015-2017 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» № 37-233 шешіміне өзгерістер енгізу туралы», «Ақсу ауданының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы «Ақсу ауданының орталығы Жансүгіров поселкесін салудың бас жоспары туралы» № 29-168 шешіміне толықтырулар енгізу туралы», «Ақсу ауданының Құрметті азаматы» атағын беру туралы», «Ақсу ауданы бойынша экономикалық-әлеуметтік салаларының негізгі мамандықтары бойынша «Жыл үздіктері» және «Ауданның жыл адамы» атақтарын белгілеу туралы» және т.б мәселелер қаралып, олар бойынша тиісті шешім қабылданды.

2. 2015 жылдың 26 ақпанында Ақсу аудандық мәслихатының кезектен тыс отыз тоғызыншы сессиясы өтті. Сессияда «Ақсу аудандық мәслихатының 2014 жылғы 17 сәуірдегі «Ақсу ауданы бойынша сайлау комиссияларын сайлау туралы» № 30-183 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» және т.б мәселелер қаралып, олар бойынша тиісті шешім қабылданды.

3. 2015 жылдың 27 сәуірінде Ақсу аудандық мәслихатының кезекті қырықыншы сессиясы өтті. Сессияда «Ақсу ауданының 2014 жылға арналған аудандық бюджетінің атқарылуы туралы», «Ақсу аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы», «Ақсу ауданының Құрметті азаматы» атағын беру туралы» және т.б мәселелер қаралып, олар бойынша тиісті шешім қабылданды.

4. 2015 жылдың 27 мамырында Ақсу аудандық мәслихатының кезектен тыс қырық бірінші сессиясы өтті. Сессияда Ақсу аудандық мәслихатының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы «Ақсу ауданының 2015-2017 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» № 37-233 шешіміне өзгерістер енгізу туралы», «Ақсу аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 20 тамыздағы «Ақсу ауданының аумақтарын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасының бірыңғай көрсеткіштері туралы» № 21-140 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» және т.б мәселелер қаралып, олар бойынша тиісті шешім қабылданды.

5. 2015 жылдың 29 маусымында Ақсу аудандық мәслихатының кезекті қырық екінші сессиясы өтті. Сессияда «Арасан және Б.Сырттанов ауылдары тұрғындары арасында мәдени–көпшілік жұмыстары пәрменділігін арттыру және ұлттық өнерді дамыту бағытында атқарылудағы жұмыстар туралы», «Ақсу ауданы Қызылағаш ауылының шекарасын (шегін) өзгерту туралы» және т.б. мәселелер қаралып, олар бойынша тиісті шешім қабылданды.

6. 2015 жылдың 3 тамызында Ақсу аудандық мәслихатының кезекті қырық үшінші сессиясы өтті. Сессияда «Ақсу ауданының әкімі Ә.Е.Далбағаевтың өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындау жөніндегі аудандық мәслихат депутаттары алдындағы есебі туралы», мәселе қаралып, тиісті шешім қабылданды.

7. 2015 жылдың 7 қыркүйегінде Ақсу аудандық мәслихатының кезектен тыс қырық төртінші сессиясы өтті. Сессияда «Ақсу аудандық мәслихатының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы «Ақсу ауданының 2015-2017 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» № 37-233 шешіміне өзгерістер енгізу туралы», «Ақсу аудандық мәслихатының 2015 жылғы 29 маусымындағы «Ақсу ауданының, Қызылағаш ауылының шекарасын (шегін) өзгерту туралы» № 42-261 шешімінің күшін жою туралы», «Ақсу ауданының, Қызылағаш ауылының шекарасын (шегін) өзгерту туралы» және т.б мәселелер қаралып, олар бойыншы тиісті шешім қабылданды.

8. 2015 жылдың 9 қарашасында Ақсу аудандық мәслихатының кезектен тыс қырық бесінші сессиясы өтті. Сессияда «Ақсу аудандық мәслихатының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы «Ақсу ауданының 2015-2017 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 37-233 шешіміне өзгерістер енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемесін және жер салығының бірыңғай салық мөлшерлемесін он есеге жоғарылату туралы» және т.б мәселелер қаралып, олар бойынша тиісті шешім қабылданды.

9. 2015 жылдық 9 желтоқсанында Ақсу аудандық мәслихатының кезектен тыс қырық алтыншы сессиясы өтті. Сессияда Ақсу аудандық мәслихатының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы «Ақсу ауданының 2015-2017 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 37-233 шешіміне өзгерістер енгізу туралы», «Ақсу ауданы бойынша экономикалық - әлеуметтік салаларының негізгі мамандықтары бойынша «Жыл үздіктері» және «Ауданның жыл адамы» атақтары иегерлерін бекіту туралы», «Ақсу аудандық мәслихатының «Ақсу ауданының аумақтарын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасын» бекіту туралы» және т.б мәселелер қаралып, олар бойынша тиісті шешім қабылданды.

10. 2015 жылдық 23 желтоқсанында Ақсу аудандық мәслихатының кезектен тыс қырық жетінші сессиясы өтті. Сессияда «Ақсу ауданының 2016-2018 жылдарға арналған бюджеті туралы» және т.б мәселелер қаралып, олар бойынша тиісті шешім қабылданды.

Сайт картасы Кері байланыс