USD 339.95
EUR 392.64
RUB 5.30
Погода в Жансугуров °C

Аудан туралы

Ақсу ауданы

 

Ақсу ауданының гербі

 

Аудан гербі - әкімшілік-аумақтық бөлініс ретінде ауданның дәстүрлі ерекшеліктерін бейнелеген, оның әлеуметтік – тарихи жолын даралау мақсатында жасалған айырымдық белгі, рәміздік мәндегі таңба. Аудан гербісін дайындау Ақсу аудандық Мәслихатының бастамасымен қолға алынған. Арнайы жұмысшы тобы құрылып, гербтің алғашқы жобасы дайындалды.

 

Жоба авторы – жергілікті суретші Бұқарбаев Камалбек. Жоба жөнінде мамандардың, белсенділердің ұсыныс-пікірлері жинақталды, талқыланды. Аудан гербінің соңғы нұсқасы 2004 жылғы 20 ақпанда аудандық Мәслихаттың 6-шы сессиясында бекітілді.


Аудандық таңбаның шеңбер түрінде болуы- ол елімізде осы жүйеде қалыптасқан негізгі бейнелеу түрі болып табылады. Шеңбер және оның көк, сары жолақтармен айқындалуы – ашық аспанды, күнді, күн шуағына бөленген аудан халқының ынтымағын, береке- бірлігін білдіреді. Таңба ішінің жоғары жағында тау шындары, төменірек су толқындары бейнеленген.

 

Олар ауданымыздың жағрафиялық аймағы биік тау мұздақтарынан бастап, Балқаш көліне дейін созылып жататынын көрсетеді. Екінші жағынан толқындардың көбірек көрсетілуі – ауданымыздың атауына негіз болған Ақсу және басқа да өзендерді, жалпы су молшылығын ерекшелейді. Гербіде құс-жануарлар қатарынан қыранның таңдалып алынуы кездейсоқтық емес. Қыран бейнесі ауданның бұрынғы эмблемаларында да болған.

 

Аудан табиғатында тау мен дала қырандарының өзіндік ортасы, орны бар. Оның көкке қарай самғай көтерілуі –аудан халқының әр кезде де дәуірлеп табыстар биігіне өрлей беретін мақсаткерлігін көрсетеді.
Гербінің ортасында қосарлана бейнеленген кітап парақтары мен домбыра – мол ұлттық рухани байлығымызды, ғылым, өнер және мәдениет саласының барынша дамығанын, тарих бетінде өшпес іздерін қалдырған халқымыздың көптеген танымал тұлғалары шыққан өңір екенін білдіреді.

 

Шеңбер ішінің екі жағын көмкерген бидай масақтары аудан экономикасының негізгі саласы – ауыл шаруашылығы екенін айқындайды. Сонымен бірге, сол масақтардың дәндері, ауданымыздың төл дақылы – қант қызылшасының түбірлерін де бейнелеп тұр. Гербінің төмен жағын мемлекеттік туымыздың түсіндей ленталық жолақ көмкереді.

 

Онда ауданымыздың атауы анық оқылады, ал екі қапталындағы ою- бір жағынан ұлттық өрнек болса, екіншіден аудан тұрғындарының негізінен қазақ ұлты екенін білдіреді.
Бекітілген шешімге сәйкес герб аудан аумағында орналасқан мемлекеттік мекемелерде, мектептерде, кәсіпорындарда, саяси-қоғамдық, салтанатты шаралар өтетін орындарда пайдаланылады.

 

Әкімшілік құрылымы

 

Ақсу ауданы Алматы облысының оңтүстік- шығыс бөлігінде орналасқан. Жер аумағы 12,6 мың шаршы шақырым.Тұрғын халқы 40,7 мың адам, олардың орналасу тығыздығы- 1 шаршы шақырымға 3 адамнан. 77 35 және 80 25 шығыс бойлық пен 46 35 және 44 40 солтүстік ендікте жатқан аудан батысында Ескелді, Қаратал аудандарымен, солтүстігінде Балқаш көлі, шығысында Сарқан ауданы, оңтүстік- шығысында КХР- мен шектеседі.

 

Орталығы- Ілияс Жансүгіров атындағы ауылдық округ, облыс орталығынан 120 шақырым жерде. Аудан құрамына 17 ауылдық округтерге қарасты 50 елді мекен кіреді. Олар- Жансүгіров, Матай, Молалы, Ақсу, Арасан, Егінсу, Есеболатов, Жаңалық, Қарасу, Қаракөз, Қарашілік, Қапал, Қызылағаш, Б.Сырттанов, Көшкентал, Ойтоған, Суықсай ауылдық округтары.

 

 

 

Дата редактирования: 09 Қараша 2017 19:14
1 шілдеден бастап базалық зейнетақы өседі

2018 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне қарай базалық төлемдер  қайта есептелетін болады. Базалық зейнетақы азаматтар жалпы белгіленген зейнеткерлік жасқа толған уақыттан бастап қана тағайындалады. Бұл өзгерістер зейнеткерлікке жаңадан және бұрын шыққантұлғаларды қамтып, 1 шілдеден бастап базалық зейнетақы қайта есептеледі.

 

19 Маусым 2018
Алға басу – Движение вперед».

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен «Милосердие» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен, 16 маусым күні сағат 10:00-де мемлекеттік қызметкерлер арасында «Алға басу – Движение вперед» атты жүгіруден қайырымдылық шарасы өтеді.

Аталмыш шара еліміздің әр өңірінде бір уақытта басталады. Қатысушылардан жиналған қаражат мұқтаж жандарға қайырымдылық көрсетуге жұмсалады.

 

11 Маусым 2018
Мемлекеттік кірістер комитеті тағы да автомобиль ұтысын өткізеді!

Құрметті Ақсу ауданының тұрғындары, Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2018 жылдың 21 мамырынан бастап «Түбіртекті талап ет-жүлдені ұтып ал!» жалпыреспубликалық акцияның басталу  туралы хабарлайды.

Акцияның негізгі мақсаты:

- азаматтардың белсенділігін және халықтың салықтық сауаттылық деңгейін артуы;

  • халықтың ақшалай есеп айрысулар барысында бақылау-кассалық аппаратының қолданудың әлеуметтік-экономикалық маңызы жөнінде қоғамдық пікір қалыптастыру;
  • азаматтарды қызмет, тауар, жұмыс тұтынушы ретінде өз құқын қорғай білу мәдениетіне тәрбиелеу.

Акция электрондық форматта «Wipon» мобилді қосымшасы арқылы өткізілуде.

 

07 Маусым 2018
Сайт картасы Кері байланыс