USD 360.71
EUR 411.53
RUB 5.38
Погода в Жансугуров °C

Әкімінің сәлемдесуі

Құрметті сайт қонақтары!

Ақсу ауданы әкімінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

Біз осы сайтта Сіздерге өзекті ақпараттарды алуға, өздеріңізді қызықтыратын сұрақтарды қоюға, пікірлеріңіз бен тілектеріңізді білдіруге мүмкіндік беріп, азаматтық қоғамның дамуына ықпал етпекшіміз.
Сіздер Ақсу ауданы туралы өздеріңізді қызықтыратын ақпаратты табасыздар деп сенемін және біздің сайт мемлекет пен қоғамның өзара іс-әрекетінің тиімді жолы бола алады – деп санаймын.

Біз мемлекетіміздің өсіп-өркендеуі үшін қызмет көрсетуге әрқашан дайынбыз!

Құрметпен,
Ақсу ауданының әкімі Далбағаев Әділбек Егеубекұлы

Ауыл әкімдері халықпен жаңа кесте бойынша жұмыс істейтін болады.

Ауыл әкімдері халықпен жаңа кесте бойынша жұмыс істейтін болады. Бұған дейін аптасына бір рет, кез – келген уақыттарда  азаматтарды қабылдап келген ауыл әкімдері ендігі жерде халықпен күн сайын кездеседі. Аудан активінің отырысында аймақ басшысы Далбағаев Әділбек Егеубекұлы осындай тапсырма берді.

- Бұрын азаматтарды аптасының кез – келген күні  белгіленген кесте бойынша қабылдап келген болсаңыздар, ендігі жерде сейсенбіден жұмаға дейін күн сайын таңертеңгі сағат 9:00-10:00 аралығында  жергілікті тұрғындармен кездесу ұйымдастыратын боласыздар. Яғни, тұрғындар өздерін толғандырған өзекті мәселелер бойынша ауыл әкімінен тікелей жауап ала алады. Қарапайым халықпен көбірек жұмыс жасаңыздар. Егер тұрғындардың сенімін ақтасаңыздар, дұрыс жұмыс жасағандарыңыз. Халықтың сенімін ақтау - жұмыстың басты көрсеткіші, - деп атап өтті Әділбек Далбағаев.

 

13 Тамыз 2018
Ашық есік күні

Ақсу аудандық орталық ауруханасының емханасында "ТО Қос Қанат" және СӨС мамандарының ұйымдастыруымен "Ашық есік күні" болып өтті. Сол күні емханаға келген науқастарға кардиолог, терапевтр және СӨС дәрігерлері әңгіме -сұхбат жұргізіп, кеңестер айтылды.

09 Тамыз 2018
Сыбайлас жемқорлықпен күрес

Ақсу ауданының экономика және бюджетттік жоспарлау бөлімінде 2018 жылдың 2 тамыз күні «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – ортақ парызымыз» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелді бөлім басшысы Жандосова Гүлнара Жандосқызы бөлімдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылып отырған шараларды баяндап, алдағы мақсаттарымызды айқындады.

 

08 Тамыз 2018
Сайт картасы Кері байланыс